Колледжімізде халықаралық ынтымақтастық аясында оқытушылар мен Бельгиялық білім беру орталығының өкілдері арасында онлайн кездесу өтті. Жиын барысында Бельгиялық білім беру орталығының қызметкерлері оқу үдерісін жаңғыртудың, оқушылардың оқу ынтасын арттырудың бағыттарымен таныстырып, мұғалімдердің біліктілігін арттыруға бағытталған бірқатар бағдарламаларды ұсынды.