2025 жылдың 28 қаңтарында Астана қ. Басқару Колледжінің оқытушылары «Техникалық және кәсіптік білім беру жүйесінде мамандарды даярлаудағы заманауи тәсілдер» атты қалалық ғылыми-тәжірибелік конференцияға қатысты.
Панельдік пікірталаста, диалог алаңында, педагогикалық сессияда педагогтер кәсіптік-техникалық білім берудің өзекті аспектілері бойынша баяндамалар жасап, бәсекеге қабілетті мамандарды даярлау сапасын арттыру мәселелерін талқылады.





