Басқару колледжінде Астана қаласының колледж студенттері арасында қалалық көркем өнер туындылары байқауы өтті. Байқаудың мақсаты – жұмысшы мамандықтарды насихаттау және қолданбалы мен техникалық мамандықтарға қызығушылықты арттыру. Байқауға 63 жұмыс ұсынылды. Байқау комиссиясының шешімі бойынша үздік жұмыстар анықталды.