Астана қаласы әкімдігінің әдістемелік орталығының ұйымдастыруымен 2025 жылғы 17-18 сәуірде жұмысшы мамандықтар жылы мен Басқару колледжінің 25 жылдығына арналған «Кәсіптік білім: болашақ бізде» қалалық фестивалі өтті. Фестиваль аясында Астана қаласы колледждерінің педагогтары «Кәсіптік білім: өткеннің тәжірибесі, болашаққа көзқарас» тақырыбында ғылыми — практикалық конференцияға, шебер сыныптарға қатысты. Конференция жұмысына ZOOM форматында Казань сауда-экономикалық колледжінің, Көкшетау қаласы, Ақан сері атындағы жоғары мәдениет колледжінің педагогтары қосылды. Жас және табысты мамандардың студенттермен кездесу-диалогын өткізді. Қалалық көркемсурет байқауының жеңімпаздары мен жүлдегерлері кубоктармен, дипломдармен және естелік сыйлықтармен марапатталды. Әдіскер Н.С. Исина, колледж директоры Т.Т. Сәдуақасов фестивальдің қорытындысын шығарды. Іс-шара педагогтердің кәсіби құзыреттілігін арттыруға, студенттердің шығармашылығын дамытуға ықпал етті.









