Отан қорғаушылар күні мен Ұлы Жеңістің 80 жылдығына арналған «Саптық шеру мен әндер» байқауы

2025 жылғы 6 мамырда Басқару колледжінде Отан қорғаушылар күні мен Ұлы Жеңістің 80 жылдығына арналған «Саптық шеру мен әндер» байқауы өтті. Байқауға 1-курс студенттерінен құралған 18 топ қатысты. Студенттер саптық дайындығының жоғары деңгейін, тәртіптілікті және патриоттық рухты көрсетті.

Байқау қорытындысы бойынша жүлделі орындар келесідей бөлінді:
• 1 орын — ГБА-12-24 (кураторы Ордабаева З.К)
• 2 орын — ДИ-14-24 (кураторы Абдрахманова А.С)
• 3 орын — ДИ-12-24 (кураторы Сабит А.Е)

Колледж әкімшілігі барлық қатысушылар мен кураторларға белсенді қатысқаны және жоғары деңгейде өнер көрсеткені үшін алғыс білдіреді!