2025 жылғы 17–18 мамыр күндері Бекзат Саттарханов атындағы спорт кешенінде Жұмысшы мамандықтар жылы аясында қалалық ұйымдар қызметкерлері арасында спартакиада өтті.
Осы ауқымды спорттық іс-шараға «Басқару колледжі» ЖШС атынан қатысып, өз күшімізді, бірлігімізді және жеңіске деген жігерімізді көрсеттік!
300-ден астам қатысушы мен 9 команданың арасынан біздің әріптестеріміз жоғары нәтиже көрсетті:
Капаров М.С. — армрестлинг бойынша 3-орын
Байғазина Ж.Н. — бес асық бойынша 3-орын
Команда мүшелеріне алғысымызды білдіреміз! Бұл тек жарыс емес — бұл еңбек адамдарын біріктіретін үлкен мереке болды.
Осындай шаралар денсаулықты нығайтып қана қоймай, ұйымшылдық пен кәсіби мәдениетті арттырады.





