WorldSkills 2025 чемпионатындағы «Басқару колледжі» ЖШС-нің жетістіктері
2025 жылғы 2 маусымда кәсіби шеберлік бойынша жыл сайын өтетін WorldSkills 2025 чемпионатының салтанатты жабылу рәсімі өтті.

«Басқару колледжі» ЖШС аталған чемпионатқа белсенді қатысып, 15 құзыреттілік бойынша өз студенттерін ұсынды. 17 студент колледж атынан қатысып, жоғары дайындық деңгейі мен кәсіби дағдыларын көрсетті.

Чемпионат жеңімпаздары мен жүлдегерлері:

Советбек Диас Жарқынбекұлы — 1 орын (құзыреттілік: Мобилография)
Сарапшы: Кабдығалиева Гүлім Дәуренқызы

Копылов Таир Максимович — 2 орын (құзыреттілік: Желі және жүйелік әкімшілендіру)
Сарапшы: Кабдығалиева Гүлім Дәуренқызы

Сламшаикова Елназ Ержанқызы — 2 орын (құзыреттілік: Визуалды мерчендайзинг және витринистика)
Сарапшы: Шарипова Жаныл Ибрагимқызы

Түлесінов Мансур Әлібекұлы — 3 орын (құзыреттілік: Ақпараттық модельдеу технологиясы (BIM))
Сарапшы: Дюсембаева Данара Жақсылыққызы

Замараева Лия Максимовна — 3 орын (құзыреттілік: Графикалық дизайн)
Сарапшы: Шакенова Айдана Рашидовна

Кәсіби шеберлігі үшін медальонмен марапатталғандар:

Прокопец Диляр Хадырович — Электрмонтаж
Сарапшы: Әлеушинов Талғат Талапұлы

Ли Егор Витальевич — Мобильді қосымшаларды әзірлеу
Сарапшы: Байғазина Жансұлу Нұржанқызы

Абрамян Артюш Владимирович — Компьютерлік ойындарды 3D модельдеу
Сарапшы: Капезова Айгерім Жұмабайқызы

Фроликова Елена Анатольевна, Доброскокова Анастасия Александровна — Кәсіпкерлік
Сарапшы: Қайырбекова Мәдина Талғатқызы

Колледж барлық қатысушыларға және сарапшыларға республикалық деңгейде оқу орнының намысын абыроймен қорғағандары үшін алғыс білдіреді.