2025 жылғы 14 тамызда Колледж директоры Садуакасов Т.Т., оқу-әдістемелік жұмыс жөніндегі директордың орынбасары Аленова Н.С., Ақпараттық-техникалық бөлім кафедрасының меңгерушісі Дюсембаева Д.Ж. құрамындағы Басқару колледжінің өкілдігі «Білім келешегі: Адал азамат, кәсіби маман» атты Республикалық тамыз педагогикалық саммитіне қатысты.
Республикалық педагогтар саммитінде білікті мамандарды даярлау сапасын арттыруға бағытталған инновациялық стратегиялар айқындалды.