2025 жылдың 20 тамызында Астанада «БІЛІМ КЕЛЕШЕГІ: АДАЛ АЗАМАТ,КӘСІБИ МАМАН » атты қалалық Тамыз форумы өтті. Іс-шараға Басқару колледжінен директор Садуакасов Т.Т. мен жалпы білім беру пәндері кафедрасының меңгерушісі Жабинова А.Д. қатысты.
Форум барысында білім беру саласының өзекті мәселелері қаралып, жаңа оқу жылына арналған басты мақсаттар мен міндеттер айқындалды. Бұл бас қосу ұстаздарға тәжірибе алмасуға, кәсіби біліктілігін арттыруға үлкен мүмкіндік берді. Форумда ұсынылған тың бастамалар алдағы оқу жылында өз нәтижесін беретініне зор сенім білдірілді.

