Басқару колледжінде спикерлермен кездесу өтті. Кездесуге Астана қаласының Балалар құқықтары жөніндегі уәкілі Бимендина А.Т. және «Астана Онлайн» диалог алаңының үйлестірушісі А. Максут қатысты. Іс-шараға басқару колледжінің студенттері атсалысты.
Өз сөзінде Бимендина А.Т. өзекті тақырыптарды қамтыды: «Мемлекет басшысы Қ. Тоқаевтың Жолдауының негізгі аспектілері», «Кәмелетке толмағандар арасындағы буллинг», «Қоғамның рухани құндылықтары».
Сонымен қатар Арман М. киберқауіпсіздік бойынша тренинг өткізді.




