2025 жылғы 29 қазанда Басқару колледжінде Жас педагогтар мектебінің отырысы өткізілді. Ғылыми-әдістемелік жұмыс жөніндегі директордың орынбасары Аленова Н.С. қазіргі заманғы білім беру технологиялары мен педагогтың шығармашылық қайнар көздері туралы материалдарды ұсынды.
«Оқытуда жасанды интеллектіні қолдану арқылы оқытушының кәсіби өсуі» тақырыбында физика пәнінің оқытушысы, жаратылыстану-математикалық пәндер кафедрасының меңгерушісі Акпаров Д.М. баяндама жасады.
Кітапхананың меңгерушісі Байтенова Г.Х. жас педагогтарды кітап көрмесімен таныстырып, оқу-әдістемелік әдебиеттерге қызықты шолу жасады.
Колледж психологы Исаинова Б.И. жас педагогтардың өзара танысуы мен ұжымдық бірлігін арттыру мақсатында тренинг өткізді.
Отырыстың қорытындысы бойынша оқу-тәрбие үдерісінің сапасын арттыруға бағытталған ұсынымдар берілді.




