Басқару Колледжінде 2025 жылғы 24 желтоқсанда жаратылыстану-математикалық пәндер онкүндігі басталды. Онкүндіктің ашылуы өзгеше форматта өтті: қатысушылардың назарына «STEM – ғылым әлемі» көрмесі ұсынылды. Ашылу рәсімінде ғылыми-әдістемелік жұмыс жөніндегі директордың орынбасары Аленова Н.С. және кафедра меңгерушісі Акпаров Д.М. сөз сөйледі. Оқытушылар Мусабекова У.Ш. , Қыдырбекова А.Р. география және химия пәндері бойынша ашық сабақтар өткізді. Сабақтарда оқытудың заманауи тәсілдері қолданылды.
Оқытушылар Акпаров Д.М., Сатмолдина М.Н. және Сәбит А.Е. студенттер үшін математика пәнінен олимпиада өткізді.