Астана қаласы «Тұран-Астана» Университетінің ұйымдастыруымен өткен «Болашақ – Жемқорлықсыз!» атты қалалық байқауға «Басқару Колледжі», «Қоғамдық-гуманитарлық» пәндер кафедрасының оқытушылары белсенді қатысып, студенттері жоғары нәтижелер көрсетті.
Байқаудың негізгі мақсаты – жастар арасында құқықтық мәдениетті қалыптастыру, жемқорлыққа қарсы көзқарасты нығайту және азаматтық жауапкершілікті арттыру.
Қалалық байқау қорытындысы бойынша біздің студенттер келесі жүлделі орындарға ие болды:
І дәрежелі диплом
- Тасқұл Аяулым, «Құқықтану» мамандығының 1 курс студенті
Жетекшісі: қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің оқытушысы Ордабаева З.К.
ІІІ дәрежелі диплом
- Шарапова Арина, «Шаштараз» мамандығының 1 курс студенті
Жетекшісі: Касенханова С.
Бұл жетістіктер – студенттеріміздің белсенділігі мен жауапкершілігінің, сондай-ақ қоғамдық-гуманитарлық пәндер кафедрасының кәсіби деңгейінің айқын көрсеткіші.






