Әдістемелік кеңес кәсіби диалог пен бірлескен шығармашылық алаңы ретінде 27.11.2025 жылы «Басқару колледжі» ЖШС ғылыми-әдістемелік жұмыс жөніндегі директордың орынбасары Аленова Н.С. жетекшілігімен өтті. Инновациялық тәжірибе бойынша шығармашылық презентацияларды — «Оқытудағы цифрлық технологиялар», «Білім алушылардың кәсіби білімін қалыптастыруда жасанды интеллектіні тиімді қолдану», «Білім беру үдерісіндегі тәжірибеге бағытталған тәсіл» — келесі педагогтер ұсынды: Байгазина Ж.Н., Логвиненко В.В., Қабдрахмет А.Б., Дюсембаева Д.Ж., Байтенова Г.Х., Шарипова Ж.И. «Оқу-әдістемелік қор — педагогқа көмек» атты кітап көрмесін кітапхана меңгерушісі Байтенова Г.Х. ұсынды. Жұмыс барысында онлайн-платформаларды пайдалану және жасанды интеллектіні қолдану жөнінде тәжірибе және идеялар алмасу өтті.