2025 жылғы 20 желтоқсанда Басқару колледжінің гуманитарлық-экономикалық корпусында Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күніне және «Заң және тәртіп» тақырыбына арналған, тәрбие жұмысы жөніндегі оқу жоспары аясында қалалық дебат турнирі өтті.

Турнир Астана қаласы әкімдігінің «Астана Жастары» жастар ресурстық орталығының КММ қолдауымен ұйымдастырылып, оған 20 команда қатысты. Сайыс мемлекеттік тілде және орыс тілінде өткізілді.

Турнир қорытындысы бойынша Басқару колледжінің командасы Орыс лигасында II орынға ие болды, жоғары дайындық деңгейін көрсетті.