Астанада Жұмысшы мамандықтар жылының қорытындысына арналған іс-шара өтті. Іс-шара аясында жұмысшы мамандықтары бойынша білім алып жатқан елорда колледждерінің студенттері қатысқан ауқымды флешмоб ұйымдастырылды.
Колледж басқару студенттері аталған флешмобқа қатысып, өз оқу орнын таныстырды. Ортақ өнер көрсетілім жұмысшы мамандықтарының маңыздылығын және колледждердің білікті мамандар даярлаудағы рөлін көрсетті.



