Гуманитарлық-экономикалық бөлімде «Графикалық және мультимедиялық дизайн» мамандығы бойынша ГИмД-31-24 және ГИмД-33-24 топтарының 3-курс студенттерінің оқу практикасы сәтті аяқталды. Қанық әрі шығармашылыққа толы жұмыстың қорытындысы ретінде «Ұлттық стильдегі кескіндеме» тақырыбында студенттік жобалар көрмесі ұйымдастырылды.

Ұсынылған жұмыстарда білім алушылар дәстүрлі мотивтерді заманауи көркемдік тәсілдермен үйлесімді ұштастыра білуін, түстік палитра, композициялық шешімдер мен образдық ойлау арқылы ұлттық нақышты жеткізе алғанын көрсетті. Экспозиция студенттердің кәсіби тұрғыда өскенін, шығармашылық әлеуетін және жеке көркемдік ізденісін айқын дәлелдеді.

Практика жетекшісі — Шарипова Ж. И.