Жас педагогтар мектебінің отырысы 2026 жылғы 28 қаңтарда Басқару Колледжінде өтті.
Отырыс барысында «Адал Азамат» бағдарламасының негізгі аспектілері қарастырылды. Іс-шараға директордың орынбасарлары Аленова Н.С., Закарин О.Қ., жас оқытушылар, сондай-ақ өндірістен келген оқытушылар қатысты.
Бағдарламаны жүзеге асыру бойынша шығармашылық презентацияларды тәрбие ісі жөніндегі директордың орынбасары Закарин О.Қ., қоғамдық-гуманитарлық пәндер кафедрасының меңгерушісі, қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің оқытушысы Ордабаева З.К., орыс тілі мен әдебиеті пәнінің оқытушысы Касенханова С. ұсынды. Жас педагогтар «Заманауи педагогтың моделі», «Заманауи студенттің моделі», «Заманауи колледждің моделі» жобаларын әзірледі.
Іс-шара жас педагогтардың кәсіби құзыреттілігін арттыруға бағытталды.




