2026 жылғы 7–8 ақпан күндері Астана қаласында ММА-дан республикалық турнир өтті. Жарысқа еліміздің барлық өңірлерінен жас спортшылар қатысып, өзара мықтыны анықтады.
Аталған додада колледжіміздің П-22-24 тобының «Құқықтану» мамандығы бойынша білім алып жатқан 2-курс студенттері жоғары деңгейде өнер көрсетіп, өз шеберліктерін дәлелдей білді.
Жарыс нәтижесі бойынша:
Тойкулы Хасан (16–17 жас, 52 кг) — I орын;
Балғабай Қыдырәлі (16–17 жас, 57 кг) — I орын.
Бұл жетістік – студенттердің табанды еңбегі мен жүйелі дайындықтарының жемісі. Олардың жеңістері оқу орнымыздың абыройын асқақтатып қана қоймай, жастарды спортпен белсенді түрде айналысуға ынталандырады.


