Біздің студенттер «Адал азамат» біртұтас тәрбие бағдарламасы аясында өткен
«Кәсіби бағдар – дұрыс таңдау – табысты мансап» қалалық байқауында
ІІІ орынға ие болды!
Бұл жетістік – жасампаздық пен жаңашылдық құндылықтарын бойына сіңірген, шығармашылық қабілетін дамытып, өз мамандығын дұрыс таңдауға қадам жасаған жастарымыздың еңбегінің нәтижесі.
Осындай байқаулар – студенттердің кәсіби бағытын айқындап, болашаққа сеніммен қадам басуына үлкен мүмкіндік береді.
Жеңімпаздарды шын жүректен құттықтаймыз!
Алдағы уақытта да биік белестерді бағындырып, табысты мансап иесі болуларыңызға тілектеспіз!



