«Жасанды интеллект және цифрлық педагогика: мүмкіндіктері, сын-қатерлер, тәжірибе» атты ғылыми-практикалық конференция 27.02.2026 ж. Басқару Колледжінде өтті. Іс-шараға Международный Университет «Астана» өкілдері, ТОО «Bilim Group», сондай-ақ Басқару колледжі, Кәсіптік-техникалық колледж, Құрылыс-техникалық колледж және Сервис пен тамақтандыру колледжінің педагогтері қатысты. Конференция модераторлары мен спикерлері: колледж директоры Джункабаева З.А., қаржы директоры Бриншинова Г.Б., директордың орынбасары Аленова Н.С., педагогика ғылымдарының докторы, педагогика мамандығы бойынша профессор, Международный Университет «Астана» өкілі Кертаева Г.М., ТОО «Bilim Group» әдіскері Акжанова А.А., Құрылыс-техникалық колледж директорының орынбасары Буданова Г.Е., сондай-ақ Басқару колледжінің оқытушылары Шарипова Ж.И., Рахимова А.К., Ордабаева З.К., Мерекенова С.З. Диалог алаңдарында «Жасанды интеллект пен цифрлық технологияларды білім беру үдерісіне енгізу», «Білім беру үдерісінде жасанды интеллектіні қолданудағы оқытушының деонтологиялық құзыреттілігі», «Біліктілікті арттыру курстарында AI-ментор көмегімен оқытуды қолдау тәжірибесі» тақырыптары бойынша өзекті мәселелер талқыланды.
