2026 жылғы 3 сәуірде Астана қаласы «Басқару колледжінде» «Кәсіби құзыреттіліктерді қалыптастырудағы студенттердің практикалық қызметі мен бастамашыл жобалары» тақырыбында студенттердің ғылыми-практикалық конференциясы өтті. Конференцияны колледждің оқу-әдістемелік қызметі ұйымдастырды. Іс-шараға әлеуметтік серіктестер, оқытушылар және студенттер қатысты. Салтанатты бөлімде құттықтау сөзімен колледж директоры З.Джункабаева сөз сөйледі. Пленарлық отырыста директордың орынбасары Т.Садуакасов, Электр энергетиктері қауымдастығының басқарма төрағасы А.Телев баяндама жасады. Сонымен қатар Қытай мен Ресейден келген халықаралық серіктестер де қатысты. Колледж студенттері А.Горощенко мен А.Доброскокова өздерінің қызықты жобаларын ұсынды. Секция модераторлары М.Омиралина, Д.Акпаров, Ж.Шарипова, А.Рахимова, Д.Дюсембаева, А.Бердыкулова студенттердің жобаларын тыңдады. Конференция оқытушылар үшін кәсіби құзыреттіліктерді қалыптастыру бойынша идеялар мен тәжірибе алмасуға арналған диалогтық алаң болды.