2026 жылғы 10 сәуірде Астана қаласы, «Басқару колледжі» ЖШС-де Әдістемелік кеңестің отырысы өтті. Студенттерді WorldSkills чемпионатына дайындау, оқытушылардың жеке жоспарларын жүзеге асыру, сондай-ақ бейіндік бағыттар аясында үйірмелер жұмысына талдау жасау мәселелері қарастырылды. Аленова Н.С. – директордың орынбасары, Байтенова Г.Х., Дюсембаева Д.Ж., Ордабаева З.К., Бақытова Н.Б., Кыдырбекова А.Р. – кафедра меңгерушілері сөз сөйледі. Үйірмелер жұмысына талдауды Байгазина Ж.Н., Мухаметжанов О.К., Шурбенков В.Е. ұсынды. Қорытынды бойынша ұсынымдар берілді.