11.04.2026 ж. Астана қаласы Полиция департаментінің Экстремизмге қарсы іс-қимыл басқармасының өкілдері, полицияның аға лейтенанты Қуатбекұлы Ибрагимнің қатысуымен гуманитарлық-экономикалық бөлімінде танымдық дәріс өткізілді. Іс-шара барысында білім алушыларға экстремизм мен терроризмнің алдын алу, оның қоғамға тигізетін кері әсері, сондай-ақ құқықтық жауапкершілік мәселелері кеңінен түсіндірілді. Дәріс барысында студенттер өздерін қызықтырған сұрақтарын қойып, тиісті жауаптарын алды.