11 сәуір күні ақпараттық-техникалық бөлімінде ашық семинар өтті.
Семинарға Ішкі істер министрлігінің қызметкерлері қатысып, студенттер мен оқытушыларға дәріс оқыды.
Кездесу барысында өзекті тақырыптар қозғалып, соның ішінде «закладка» мәселесі басты назарға алынды.
Қатысушыларға заң аясындағы жауапкершілік, қауіпсіздік шаралары және құқықбұзушылықтың алдын алу жолдары түсіндірілді.
Семинар студенттер үшін пайдалы әрі танымдық болды.
