2026 жылғы 21 сәуірде гуманитарлық-экономикалық бөлімінде Астана қаласының құқық қорғау органдары өкілдерінің қатысуымен лекция өткізілді. Студенттер алдында есірткі бизнесіне қарсы күрес бөлімінің полиция капитаны, учаскелік инспектор және криминалдық полицияның аға лейтенанты сөз сөйледі.
Кездесу барысында қоғамдық тәртіпті сақтау, есірткі қолданудың алдын алу, есірткі заттарын сақтау және тарату үшін жауапкершілік, сондай-ақ олардың адам денсаулығына және әлеуметтік өмірге тигізетін кері әсерлері туралы мәселелер жан-жақты түсіндірілді.
