2026 жылғы 28 мамырда Астана қаласындағы «Басқару колледжі» ЖШС-де Әдістемелік кеңестің отырысы өтті. Отырыста оқу жылының алдын ала қорытындылары мен алдағы келешекті бағыттары қарастырылды.
Кеңес барысында қоғамдық-гуманитарлық, ақпараттық-техникалық және шығармашылық пәндер кафедраларының қызметіне Қазақстан Республикасының ТжКБ ұйымдарын аттестаттау қағидалары аясында талдау жасалып, кафедра меңгерушілері Ордабаева З.К., Дюсембаева Д.Ж., Байтенова Г.Х. баяндама жасады.
Колледж директоры Джункабаева З.А., директордың орынбасарлары Омиралина М.К., Садуакасов Т.Т., Аленова Н.С. цифрландыру жағдайында білім беру үдерісінің сапасын арттыру, цифрлық платформалар мен сервистерді пайдалану, сондай-ақ оқу үдерісіне жасанды интеллект элементтерін енгізу бағытындағы келешекті мәселелерді ұсынды.
Отырыс қорытындысы бойынша Әдістемелік кеңес білім беру сапасын арттыруға және колледж қызметін жетілдіруге бағытталған ұсынымдар қабылдады.
