Аталған іс-шараға ГИМД-11-25, ДИ-11-25, ДИ-12-25, ДИ-13-25, ГБА-11-25, УА-12-25 топтарының студенттері қатысуда.
Оқу-дала жиындарының негізгі мақсаты — білім алушылардың алғашқы әскери дайындық бойынша теориялық білімдерін тәжірибемен ұштастыру, әскери тәртіпке баулу, патриоттық рухтарын қалыптастыру және төтенше жағдайларда дұрыс әрекет ету дағдыларын дамыту.
Жиын барысында студенттерге қауіпсіздік техникасы ережелері бойынша арнайы нұсқаулық жүргізіліп, қауіпсіздік талаптарын сақтау міндеттері түсіндірілді.
Оқу-дала жиындары барысында студенттер саптық дайындық, әскери тәртіп негіздері, төтенше жағдай кезіндегі іс-әрекеттер және қауіпсіздік талаптарын сақтау бойынша тәжірибелік дағдыларды меңгереді.
