2026 жылғы 4 маусым – Қазақстан Республикасының Мемлекеттік рәміздері күніне орай колледж студенттері арасында оқу-далалық жиын аясында патриоттық іс-шара ұйымдастырылды.
Іс-шараның мақсаты – жастардың мемлекеттік рәміздерге деген құрметін арттыру, отансүйгіштік сезімін қалыптастыру және ұлттық құндылықтарды насихаттау.
Шара барысында студенттерге Мемлекеттік Ту, Елтаңба және Әнұранның маңызы туралы ақпарат беріліп, олардың ел тарихындағы орны түсіндірілді. Қатысушылар патриоттық әндер орындап, елге деген құрмет пен сүйіспеншіліктерін білдірді. Мұндай іс-шаралар жас ұрпақтың азаматтық жауапкершілігін арттырып, Отанға адал қызмет етуге тәрбиелейді.
