Президент өз сөзінде адам капиталын дамыту мемлекеттің басты басымдықтарының бірі екенін атап өтті. Сапалы білім беру, ғылымды қолдау, университеттерді жаңғырту және жастарға жаңа мүмкіндіктер ашу мәселелеріне ерекше көңіл бөлінді.
Соңғы жылдары елімізде жүздеген заманауи мектеп салынды, «Келешек мектептері» жобасы жүзеге асырылуда, шетелдік жетекші жоғары оқу орындарының филиалдары ашылып жатыр. Сонымен қатар Қазақстан жасанды интеллект және цифрлық технологиялар саласындағы мамандарды даярлауға басымдық беруде.
