Астана қаласындағы «Басқару колледжі» ЖШС мен Алматы қаласындағы «Принтмедиа технологиялар колледжі» КМҚК ынтымақтастық туралы Меморандумға қол қойды.

Аталған құжатқа қол қою кәсіби білім беру сапасын арттыруға, педагогикалық тәжірибе алмасуға, студенттердің кәсіби және шығармашылық тұрғыдан дамуына жаңа мүмкіндіктер ашуға бағытталған колледжаралық әріптестікті дамытудың маңызды қадамы болды.

Меморандум аясында бірнеше бағыт бойынша өзара іс-қимыл жасау көзделген. Атап айтқанда, оқу-әдістемелік әзірлемелермен және тиімді білім беру тәжірибелерімен алмасу, бірлескен семинарлар мен шеберлік сабақтарын өткізу, кәсіби байқаулар, шығармашылық көрмелер мен студенттік жобалардың таныстырылымдарын ұйымдастыру, сондай-ақ тәжірибеге бағытталған оқытуды дамыту және білім беру бағдарламаларын жетілдіру жоспарланған.

Педагогтер мен студенттердің кәсіби құзыреттіліктерін дамытуға, заманауи білім беру және цифрлық технологияларды енгізуге, бірлескен бастамаларды жүзеге асыруға ерекше назар аударылады.

Екі колледждің тәжірибесі мен кәсіби әлеуетін біріктіру педагогикалық ұжымдар мен білім алушылар үшін жаңа мүмкіндіктер ашып, қызықты жобаларды жүзеге асыруға және білім беру саласындағы әріптестікті одан әрі дамытуға негіз болады деп сенеміз.

Бүгінгі ынтымақтастық — ертеңгі жаңа кәсіби мүмкіндіктер!