6 қараша күні Басқару колледжі қазақтың көрнекті ағартушысы Ыбырай Алтынсариннің туғанына 185 жыл толуына орай ұйымдастырылған «Бірге оқиық!» республикалық әдеби акциясына қосылды.
Акция аясында колледж студенттері мен оқытушылары еліміздің түкпір-түкпіріндегі қатысушылармен бір мезгілде Ыбырай Алтынсариннің «Таза бұлақ», «Бай баласы мен жарлы баласы», «Қыпшақ Сейітқұл» шығармаларын оқыды.
Мұндай бастамалар ұрпақтарды кітап оқу арқылы біріктіріп, оқу мәдениетін қалыптастыруға, ұлттық әдеби мұраға деген қызығушылықты арттыруға және білім мен ағартушылықтың құндылығын дәріптеуге ықпал етеді.
Бір мезгілде. Бір мақсатта. Бірге оқимыз!
