Басқару колледжінің гуманитарлық-экономикалық бөлімінде қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің оқытушысы З.К.Ордабаеаның ұйымдастыруымен Жүсіп Аймауытұлының 135 жылдығына орай «Халқым деп соққан жүрегі, қазаққа туған ұл еді» атты колледжшілік конференция өтті. Мақсаты: білім алушыларға Ж.Аймауытұлы шығармаларының өміршеңдігін, жастар тәрбиесіндегі маңызын ұғындыру.