Алаштың азаттығына, туған мемлекетіміздің Тәуелсіздігіне – 32 жыл. Осынау мәртебесі биік, ардақты да аяулы күнге орай гуманитарлық-экономикалық бөлім студенттерімен акт залында тарих пән оқытушыларының ұйымдастыруымен «Тәуелсіздікке тағзым» атты мерекелік іс-шара өткізілді. Аталған іс шараның ашылуы мемлекеттік Әнұранымызбен ашылып, ары қарай тәуелсіздікке арналған видеороликтер және студенттерге викторина сұрақтары қойылып, өз жалғасын тапты. Мерекелік іс-шарада гуманитарлық-экономикалық бөлім меңгерушісі М.Ш. Тулегенова барша студенттер мен оқытушыларды Тәуелсіздіктің 32 жылдығымен құттықтап өтіп, студенттерге Тәуелсіздіктің маңызы туралы түсіндіріп өтті. Тәуелсіздік мерекесі баршамызға құтты болсын! #гуманитарлықэкономикалықбөлім #тарихпәноқытушысы #тәуелсіздікке32жыл