2024жылғы 20 ақпанда «Басқару колледжі» базасында «Астана – Есірткісіз қала» тақырыбында жедел дәріс беру мақсатында Астана қалалық полиция департаментінің қызметкерлері мен студенттер арасында жоспардан тыс кездесу өтті. Іс-шараға Астана қалалық полиция департаментінің полиция қызметкерлері, атап айтқанда: полиция полковнигі Жақыпов Айдар Жайшылықұлы, Астана қаласы ІІД аға анықтаушысы полиция майоры Қибатқызы Әлия және «Qazaq MA» спорт клубының аға жаттықтырушысы, халықаралық дәрежедегі спорт шебері , бокстан әлем чемпионы, блогер Амантаев Мұхит Бақытұлы қатысты.