«Графикалық дизайнер» мамандығы әлі де жас, бірақ сөзсіз сұранысқа ие, өйткені қай жерде қарасаңыз да, барлық жерде графикалық дизайн нысандары бар. Бірақ бұл мамандықтың бірінші санатты маманы болу үшін көп нәрсені үйрену керек. Оқу мен жазуды, бояуды, түсті, стильді сезінуді, талғампаздықты үйрену. Осының барлығы Астана қаласының Басқару колледжінің студенттеріне оқытылады.