28 наурызда Астана қаласы Білім беруді жаңғырту орталығының ұйымдастыруымен «Кәсіптік білім: болашақ бізбен» қалалық байқауы өтті. Оған «Тігін өндірісі және киім дизайны» мамандығы бойынша қаланың 6 колледжі қатысты. Бірінші орын алғаны үшін Басқару колледжінің «Шабыт көзі» командасы дипломмен марапатталды. Жетекшісі: жоғары санатты оқытушы — Рахимова Айжан Қазыкеновна.