2024 жылдың 10 қазанында Басқару колледжінде оқу жылының ең маңызды іс — шараларының бірі- бірінші курс студенттеріне қабылдау салтанаты өтті. Бұл күн жаңа студенттер үшін нағыз есте қаларлықтай мереке болды!
Біздің құрметті әлеуметтік серіктестеріміздің қатысуы іс-шараға ерекше салтанат сыйлады. Салтанатты шараға «Жарқын Болашақ» бағдарламасының жетекшілері, сондай-ақ «Атамекен» Ұлттық Кәсіпкерлер палатасының өкілдері қатысты. Олардың қолдауы колледждің дамуында маңызды рөл атқарады және студенттерге болашақ кәсіби жетістікке жету үшін қажетті заманауи дағдылар мен құзыреттіліктерді қалыптастыруға көмектеседі.
Қонақтар бірінші курс студенттерімен өз тәжірибелерімен бөлісті және оларды жаңа білімге ұмтылуға және жоғары мақсаттарға жетуге шабыттандырды. Осындай беделді ұйымдармен серіктестік біздің студенттерге тағылымдамадан өту, кәсіби бағдар беру және маңызды жобаларға қатысу үшін одан да көп мүмкіндіктер ашады.
Біз серіктестерімізге олардың қолдауы мен колледж өміріне қатысқаны үшін алғыс білдіреміз, ал бірінші курс студенттеріне мұнымен тоқтап қалмай, әрқашан биіктерге ұмтылуды тілейміз!

