Астана қаласының Полиция департаментінің Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасы подполковник Қибатқызы Әлияның жетекшілігімен, Мобилизациялық дайындық басқармасымен бірлесіп, «Саналы Ұрпақ» клубның мүшелерімен кездесу өткізді.
Кездесу барысында есірткі заттарының заңсыз айналымы мен олардың денсаулыққа, қоғамға тигізетін зияны туралы әңгіме жүргізілді. Басты мақсат – студенттер арасында есірткіден бас тарту және салауатты өмір салтын насихаттау, құқықтық ақпарат беру арқылы жастарды құқық бұзушылықтан сақтандыру.