«Басқару колледжі» ЖШС-де өткен оқу-әдістемелік семинар-кеңесте оқу-әдістемелік жұмыс жөніндегі директордың орынбасары Аленова Н.С. оқытушыларды 25.02.2025 жылғы педагогтерді аттестаттау ережелерімен таныстырды, колледж бойынша «Ұстаз» платформасының жүктелу жағдайын ұсынды.

Оқу ісі жөніндегі директордың орынбасары Джүнкабаева З.А. PISA-ға дайындық сапасын арттыру бағыттарын белгіледі.

Директор Садуақасов Т.Т. педагогикалық ұжымды білім беру үдерісін ұйымдастырудың негізгі басымдықтарын орындауға бағыттады.