«Халықаралық әйелдер күні – 8 наурыз» мерекесіне орай 2025 жылдың 4 наурызында Астана қаласы кәсіптік және техникалық білім беру ұйымдарының студенттері арасында қыздар арасындағы волейбол турнирі өткізілді. Қатысушылар бар күшін салып, тамаша ойын көрсетті. Нәтижесінде, біздің команда 3 орынға ие болды. Үздік шабуылшы номинациясына ДИ-12-24 тобының студенті Мейірбекқызы Зере марапатталды. Бұл жетістік жетекші Койшыбаев Р.М-нің жоғары кәсібилігі мен еңбегінің жемісі. Жеңімпаздарды құттықтап, алдағы уақытта одан да жоғары жетістіктерге жетулеріне тілектеспіз!