Республикалық ғылыми-тәжірибелік конференция
- | Автор:  Super User
- шрифт мөлшері шрифт мөлшерін кішірейту шрифт мөлшерін ұлғайту
2021 жылдың қараша айының 10 күні Нұр-Сұлтан қаласының Басқару колледжінде Қазақстан Республикасының тәуелсіздігіне 30 жыл толуына арналған «Ғылым. Білім. Жастар.» тақырыбына республикалық ғылыми-тәжірибелік конференция өтті. Аталмыш конференцияға ұсынылған жұмыс бағыттары: - Әлеуметтік-саяси инновациялар: тұжырымдамалық бағдарлар, басқару, нәтижелілік; - Цифрлық экономикаға арналған инфокоммуникациялық технологиялар; - Тәуелсіз Қазақстан: тарихы, қазіргісі және болашағы; - Жаратылыстану және техникалық ғылымдар: тәжірибе, проблемалар, перспективалар; - Білім беру жүйесіндегі ақпараттық технологиялар және үрдістерді цифрландыру бойынша еліміздің түкпір-түкпірінен Алматы, Атырау, Ақтөбе, Семей, Талдықорған, Тараз, Қарағанды, Жезқазған, Балқаш, Шахтинск, Петропавловск, Павлодар, Екібастұз, Қостанай қалалары мен облыстардан қатысты. Екі жүзден астам өзекті тақырыптарымен ұсыныс берген педагогтар мен студенттер легі толастаған жоқ.
Қатысушылар арасынан ең үздіктері іріктеліп, пленарлық және бағыттар жұмысында сөз алғандар саны жүзге жетті. Нәтижесінде, арнайы ұйымдастырылған Google сайттан әр қатысушы марапаттары мен электронды түрде конференция жинағын ала алады.