«Басқару колледжінің студенттері қатарына қабылдау» мерекелік іс-шарасы
- | Автор:  Super User
- шрифт мөлшері шрифт мөлшерін кішірейту шрифт мөлшерін ұлғайту

Жыл сайын күзде талапкерлер колледж студенттері қатарына қабылданады. 8 қазан күні 1 курс студенттері салтанатты түрде өз студенттік билеттерін иеленді. Бұл мереке Жастар Сарайында өткізілді.
Салтанатты шараны Басқару колледжінің директоры – Демидов Александр Иванович ашты. Ол барлық 1 курс студенттерін өмірлеріндегі айтулы күнмен жылы лебізбен құттықтады.
Мерекелік іс-шара барысында Бас директордың қаржы ісі бойынша орынбасары –Бриншинова Галина Бекеновна студенттерді аталмыш мерекемен құттықтап, сәтті қадам тіледі.
Колледждің белсенді студенттері нағыз мерекелік шара жасай білді. Олар концерттік бағдарлама ұсынып қана қоймай, 1 курс студенттерін колледж қабырғасындағы түрлі клубтардың белсенді мүшесі болып, өздерінің азаматтық позицияларын көрсетуге үндеу салды.