Жастарға Елбасының «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты мақаласын ақпараттық-түсіндіру жұмысы
- | Автор:  Super User
- шрифт мөлшері шрифт мөлшерін кішірейту шрифт мөлшерін ұлғайту

Астана қаласы «Басқару Колледжі» ЖШС студенттері Н.Ә. Назарбаевтың 2017 жылғы 12 сәуірдегі «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты мақаласын талқылау бойынша белгілі айтыс ақыны, «Дарын» Мемлекеттік сыйлығының иегері, республикалық және халықаралық ақындар айтысының жеңімпазы Бұлғақов Жандарбек Айтақынұлымен және «Жәдігер» қоғамдық қорының президенті Мейіржан Әлібекпен кездесу өткізді.
Кездесудің басты мақсаты – мақалада айтылған тұжырымдамалардың нақты іске асырудағы бастамаларды талқылау, жүзеге асырудың ұтымды жолдарын іздестіру.
Шара барысында Елбасының ой толғауы, рухани жаңғыру жөніндегі ұсыныстары бірінші кезекте жас ұрпаққа арналғандығы туралы айтылды.
Кездесу барысында студенттер өз ойларымен бөлісті. Жалпы кездесу еркін форматта өткізілді.