ЖАЛПЫ СИПАТТАМА
1) білім беру ұйымының толық атауы: "Басқару Колледжі" жауапкершілігі шектеулі серіктестігі»
2) білім беру ұйымының орналасқан жері (заңды мекенжайы және нақты орналасқан жерінің мекенжайы): Қазақстан Республикасы, 010000, Астана қаласы, Сарыарқа ауданы, Жеңіс даңғылы, 68, Орлыкөл көшесі, 14/3.
3) заңды тұлғаның байланыс деректері (телефон, электрондық пошта, ресми сайт): 8 (7172) 31 10 14, This email address is being protected from spambots. You need JavaScript enabled to view it. , bk-astana.edu.kz .
4) заңды тұлға өкілінің байланыс деректері (басшының аты, жөні, әкесінің аты, қызметке тағайындаған бұйрық көшірмесі: Бершаева Меруерт Хабибуловна колледж директорлығына №34 бұйрығымен 07.2021жылы тағайындалды.
5) құқық белгілейтін және құрылтай құжаттары (заңды тұлғаны мемлекеттік тіркеу немесе қайта тіркеу туралы куәліктің және жарғының көшірмесі/ анықтамалар қоса беріледі):
6) заңды тұлғаны мемлекеттік тіркеу туралы 2008 жылғы 14 қарашадағы куәлігі 32350-1901-У-е берілген;
8) 7) мемлекеттік классификатор бойынша коды КҰЖЖ;
9) бизнес - сәйкестендіру нөмірі: БСН 081140007542;
10) Колледж жарғысы, 04.01.2014 жылғы Қазақстан Республикасының "Білім туралы" Заңының 10 бап талаптарына сәйкес бір құрылтайшы бекіткен және Астана қаласының Әділет тізілімінде заңды түрде 01.04.2014 жылы № 3492 болып тіркелді.
11) Рұқсат беруші құжаттар (Білім беру қызметімен айналысу туралы лицензия және оның қосымшалары): Мемлекеттік лицензия № KZ56LAA00027420 «Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі Білім және ғылым сапасын қамтамасыз ету департаментінің Нұр-Сұлтан қаласының білім беру сапасын қамтамасыз ету басқармасы» мемлекеттік мекемесімен 12.04.2021 жылы (бастапқы берілген күні– 16.02.2009 г.) берілген.
Колледж тұтынушыларға жоғары сапалы және бәсекеге қабілетті мамандарды даярлау аясында оқыту қызметтерін ұсыну бойынша бекітілген миссияға ие.
Көзқарасы: техникалық және кәсіптік даярлау саласында, бәсекеге қабілетті мамандарды жоғары сапалы білім беру қызметін ұсынатын, Қазақстанда және халықаралық кеңістікте танылған колледжге айналу.
Стратегиялық мақсаты:
Колледждің негізгі басымдығы – еңбек нарығында үстем жағдайды сақтай отырып, көрсетілетін білім беру қызметтерінің сапасының тұрақты өсуі; қызметкерлер мен әлеуметтік серіктестердің мүдделерін ескере отырып, білім беру қызметтерін тұтынушылардың қажеттіліктері мен үміттерін қанағаттандыру.
Колледждің негізгі стратегиялық міндеттері болып табылады:
- Кәсіби мамандар даярлаудың сапасын және оны басқарудың тиімділігін арттыру: модульдік-құзыреттілік тәсілдеме, кредиттік технология негізінде бағдарламаларды жүзеге асыру; тиімді электронды жүйенің жұмыс істеуі, көптілділікті енгізу жұмыстарын жандандыру, білім алушылардың шығармашылығындағы заманауи тенденцияларды дамыту; дуальды оқытуды жүзеге асыру; колледждің материалдық-техникалық базасын жаңарту және инфрақұрылымын жақсарту.
- Білім беру қызметін оқу-әдістемелік, материалдық-техникалық және ақпараттық қамтамасыз етуді үздіксіз жетілдіру арқылы білім беру қызметінің сапасын арттыру үшін жағдай жасау.
- Педагогикалық кадрларды үздіксіз оқыту және жоғарғы біліктілігін арттыру арқылы педагогикалық құрамының кәсіби деңгейін көтеруді қамтамасыз ету.
- Жастардың өзін-өзі жүзеге асыруына ықпал ететін оқу процесінің мазмұнын, нысандары мен әдістерін жаңарту, кәсіптік бағдар беру және кәсіпби дамыту мектептерінің тиімділігін арттыруға бағытталған шаралар кешені
- Әлеуметтік серіктестік пен желілік қарым қатынасты кеңейту және нығайту.
Бүгінгі күні, лицензиядағы қосымшаның барлық біліктілігі бойынша оқыту негізгі орта және жалпы орта білім негізінде жүргізіледі.
2007, 2013 жылдары Басқару колледжі мемлекеттік аттестациядан өтіп, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру саласында білім беру қызметін жүргізу құқығын растады.
Колледж 2016 жылы институционалдық аккредитациядан өтті. (куәлік 2016 жылдың 12 желтоқсанында тіркеу.нөм. IA №026.).
2020 жылы колледж келесі мамандықтар бойынша институционалдық (куәлік 2020 жылдың 10 наурызында тіркеу нөмірі № IA № 0075) және мамандандырылған аккредитациядан өтті .
«Тәуелсіз Қазақстан акредитация орталығының» Аккредиттеу кеңесі колледжді 5 жыл мерзімге институционалдық және мамандандырылған аккредиттеу туралы шешім қабылдады.
2022 жылдың 07-08 маусымында колледж аккредиттеуден кейінгі мониторингтен өтті.
2022 жылғы 04 шілдеде «Тәуелсіз Қазақстан акредитация орталығының Аккредиттеу кеңесі отырысының шешімімен аккредиттеуден кейінгі мониторинг шеңберінде жоғарғы эксперттік тобының есебі бекітілді.
Колледжде екі оқу корпусы бар. Орлыкөл көшесі, 14/3 мекенжайында орналасқан ғимараттың жалпы ауданы 3020,9 шаршы метр, пайдалы алаңы 2054,1 шаршы метр; Жеңіс даңғылы, 68, ғимараттың жалпы ауданы 2264,6 шаршы метр, пайдалы алаңы 1969,3 шаршы метр. Жалпы білім беру мекемесінің екі корпусының жалпы ауданы 5285,5 шаршы метрді, пайдалы алаңы 4023,4 шаршы метрді құрайды.