Гуманитарлық-экономикалық пәндер бөлімі
Гуманитарлық-экономикалық пәндер бөлімінде студенттер «Аударма ісі», «Құқықтану», «Есеп және аудит», «Қаржы» мамандықтары бойынша оқиды. Студенттер Жеңіс даңғылы 68 орналасқан оқу корпусында білім алады. Күндізгі және сырттай оқу формалары бар. Сабақ екі ауысымда өтеді, бірінші және үшінші курс студенттері бірінші ауысымда, екінші курс студенттері екінші ауысымда оқиды. Бірінші курста 182 студент, екінші курста 206 студент, үшінші курста 183 студент, сырттай бөлімде 143 студент білім алады. Бөлімде барлығы 714 студент, оның 571 студенті күндізгі бөлімде, сырттай бөлімде 143 студент оқиды. Барлығы 34 топ бар. «Аударма ісі» мамандығының үшінші курсында ПД-34-15 тобында мемлекеттік тапсырыс бойынша жиырма бес студент оқиды. Жақсы материалды-техникалық база бар. Корпуста барлығы 25 дәрісхана, студенттердің қолымен безендірілген көпшілік залы, спорт залы бар, кабинеттер заманауи құралдармен жабдықталған, сабақтар интербелсенді тақталарды, проекторларды пайдалану арқылы жүргізіледі, барлық кабинеттерде үлестірмелу-дидактикалық материалдар бар. Әрбір студент қажетті әдебиетті алу мүмкіндігі бар кітапхана, асхана бар. Барлық оқу-әдістемелік және тәрбие жұмысы бөлім жоспары бойынша жүргізіледі. Мүгедек-студенттер, жетімдер, бір отбасынан оқитын екі бала оқу төлемі бойынша 10% жеңілдік алады.
Бөлім педагогикалық кадрлармен толық жабдықталған. Гуманитарлық-экономикалық пәндер бөлімінде 30 оқытушы бар, оның 17-і арнайы пәндер оқытушылары, 13-і жалпы білімдік пәндер оқытушылары болып табылады. 7 оқытушы жоғары санатты, 10 оқытушы бірінші санатты, 7 оқытушының екінші санаты бар, 6 оқытушы санатсыз. Оқытушылардың санаттылығы 80% құрайды.
Бітіруші топтардың студенттері кәсібі даярлық деңгейін бағалаудан жақсы өтті. кәсібі даярлық деңгейін бағалаудан 0201000 «Құқықтану», 0516000 «Қаржы», 0512000 «Аударма ісі» мамандықтарының студенттері өтті.
П-31 тобы 79б.
П-32 тобы 73б.
П-33 тобы 80б.
П-34 тобы 77б.
Ф-31 тобы 90б.
Ф-32 тобы 95б.
ПД-31 тобы 80б.
ПД-32 тобы 90б.
ПД-34 тобы 85б.
ПД-36 тобы 87б.
Бөлім бойынша КДДБ 85% құрайды. Бөлім студенттерінің сапалы білім алуы үшін барлық жағдайлар жасалған.