Бурабайға саяхат
- Бөлім:  Жаңалықтар
- | Автор:  Super User
- Бірінші болып пікір айтыңыз!
Басқару колледжінде 2021-2022ж оқу жылында "ең үздік топ" конкурсы ұйымдастырылған болатын. Оқу жылының соңында конкурстың нәтижесі бойынша "ЕҢ ҮЗДІК" топты ақпараттық-техникалық бөлімінің ВтиПо-22-20тобы топ жетекшісі Қазанбаева Ботагөз Ермаханқызы, гуманитарлық-экономикалық бөлімінде Гб-12-21 тобы топ жетекшісі Ордабаева З. К жеңіп алып, Бурабай курорттық өлкесіне экскурсияға барды.
"Ең үздік топ" номинациясын жеңіп алған топ студенттері Бурабай өлкесінің тарихымен тереңінен танысып, өздеріне рухани азық алды. Сонымен қатар Бурабай өлкесінің табиғатының әсемдігін тамашалап, уақыттарын көңілді өткізді!
Студенттер колледж әкімшілігіне өздеріне тамаша демалыс сыйлағаны үшін үлкен алғыс білдіреді!