Бес әлеуметтік бағдарлама бойынша ақпараттық-түсіндірме жұмысы

7 наурыз күні Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың «Президенттің бес әлеуметтік бастамасы» атты халыққа үндеуі бойынша директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Мадина Сетейқызы студенттерге ақпараттық-түсіндірме жұмысын жүргіздіп,  бастаманы талқылады.

М.Сетейқызы бағдарламаның негізгі мақсаттарын түсіндіре отыра, бұл бастамада студенттерге білім алуға қолайлы жағдай жасалатынын және  білім алуға үлкен мүмкіндік туындайтынын түсіндірді.

Талқылау студенттерге өте қызық болды. Студенттер өз ойларымен бөлісіп, бастаманың тиімді екенін айтты.

Қосымша мағлұматтар

Толығырақ ...

«Балалық шаққа саяхат» Жайдарман ойыны

        Бүгін колледжде бөлімдер арасында колледжішілік Жайдарман ойыны өтті. Сайысқа әр бөлімнен 1 команда қатысты.  «Экономикалық-гуманитарлық пәндер» бөлімінен «Көңіл аудар», «Шығармашылық пәндер» бөлімінен «Бұзық GIRLS», «Ақпараттық-техникалық» бөлімінен «Жайдарлы жігіттер» командалары қатысты. Үш команда да өте жоғары деңгейде өнер көрсетті. Командалар арасынан алға суырылып шыққан «Бұзық GIRLS» командасы жүлделі І орынды иеленіп, арнайы кубокты ұтып алды. Ал, «Жайдарлы жігіттер» ІІ орын алып, 10.03.2018ж. күні Астана қаласы Қ.Қуанышбаев атындағы Мемлекеттік академиялық-музыкалық драма театрының «Ең жақсы еркек» комедиясына билет ұтып алды. ІІІ орынға ие болған «Көңіл аудар» командасы «Жастар» театрында 10.03.2018ж. күні болатын «Алғашқы маххабат» комедиясына жолдама алды. Үш команда да алғыс хатпен марапатталды.

 Командаға әділ қазылар ретінде Республикалық Жайдарман ойындарының жоғары лига ойыншылары ОҚО Түркістан қаласы «ХҚТУ тарифі» командасының ойыншысы Фурхат Курбанов пен «Тұран-Астана» командасының ойыншысы Жалғасбек Жақсылық және колледж директорының өндірістік-тәжірибе жөніндегі орынбасары Хабар Ғарифолла баға берді. Қазылар алқасы командаларға жоғары деңгейде баға беріп, ойыншыларды жоғары лигадан көруге тілектес екендігін білдірді. 

Қосымша мағлұматтар

Толығырақ ...

Терроризм мен экстремизмнің алдын алу

Бүгін қоғамдық пəндер пəнінің оқытушысы Рүстембекова Айман Мейірқызы колледж оқытушыларына "Терроризм мен экстремизмнің алдын алу" тақырыбы бойынша дəріс оқыды. Дəріс барысында оқытушылар көптеген маңызды ақпараттар алды. Сонымен қатар теракт болған жағдайдайда қалай іс-əрекет жасау керектігі жайлы да түсіндіріп өтті. Дəріскер студенттерге діни мағлұмат беру үшін өзіміз діни сауатты, білімді болуымыз керек екендігін айта келе Сall орталығының телефон нөмері мен арнайы ақпараттандыру орталықтарының да байланыс нөмірлерімен таныстрды.

Қосымша мағлұматтар

Толығырақ ...
Осы RSS каналға жазылу

БІЗДІҢМЕКЕН-ЖАЙЫМЫЗ:

 Сарыарқа ауданы, Астана

Орлыкөл, 14/3 (Астана -Технопарк)

Автобус бағыттары:

14, 42, 48 «Әсем» аялдамасы (ЫДүкенұлык.);

3, 48, 14, 22, 47 «Технопарк» аялдамасы (Республика даңғылы)

 

Автобус бағыттары:

5, 12, 14, 19, 20, 21, 25, 40, 106, 112

Байланыстелефондары:

8 (7172) 31-10-14

  • 8-778-789-64-92
    •8-777-430-00-16
    •8-778-040-81-71
  • ВК: vk.com/kuastana
    Facebook: kuastana
    Instagram:baskaru_college

  • Электронная почта:  This email address is being protected from spambots. You need JavaScript enabled to view it.

Jivosite