Жаңалықтар

Жаңалықтар (426)

Бурабайға саяхат

Басқару колледжінде 2021-2022ж оқу жылында "ең үздік топ" конкурсы ұйымдастырылған болатын. Оқу жылының соңында конкурстың нәтижесі бойынша "ЕҢ ҮЗДІК" топты ақпараттық-техникалық бөлімінің ВтиПо-22-20тобы топ жетекшісі Қазанбаева Ботагөз Ермаханқызы, гуманитарлық-экономикалық бөлімінде Гб-12-21 тобы топ жетекшісі Ордабаева З. К жеңіп алып, Бурабай курорттық өлкесіне экскурсияға барды.
"Ең үздік топ" номинациясын жеңіп алған топ студенттері Бурабай өлкесінің тарихымен тереңінен танысып, өздеріне рухани азық алды. Сонымен қатар Бурабай өлкесінің табиғатының әсемдігін тамашалап, уақыттарын көңілді өткізді!

index46bfrth5rgge
Студенттер колледж әкімшілігіне өздеріне тамаша демалыс сыйлағаны үшін үлкен алғыс білдіреді!

index256fdsxcvbhytrd

 

Толығырақ ...

"Ұлы Дала"ұғымы- ұлы ұғым"

baskaru college 285320431 527894735652849 5287632560024506298 n

ЖШС "Басқару Колледжінің гуманитарлық-экономикалық бөлімінде қазақ тілі және әдебиеті пәнінің оқытушысы З.К.Ордабаеваның Ұлы дала жобасының аясында, Ұлы дала жобасының мүшелерімен "Ұлы Дала"ұғымы- ұлы ұғым" атты танымдық отырыс өтті. Қазіргі уақытта ауыл жас¬тары заманауи озық біліммен қарула¬нып, еліміздегі жоғары оқу орындарымен қатар, шетелдің беделді университеттерінде білім алу мүмкіндігіне ие болуда. Туған тамырынан нәр алған осы жастардың легіне біз дұрыс бағыттағы білім мен тәрбие бере алсақ, олар келешекте біздің ұлттық потенциалымыздың негізгі көрсеткіші болатыны даусыз. Сондықтан, ауылда туып, ата-баба салтынан ажырамай, дәстүрімізді дәріптеп, құндылықтарымызды бойына сіңіріп өскен ұрпақтың болашағын қамтамасыз ету елдік мақсат болып отырғаны даусыз.

Толығырақ ...

«World Skills NurSultan-2022» чемпионатының жеңімпаздарын құттықтаймыз!

Screenshot 2022 05 30 at 01 01 24

2021—2022 оқу жылының «World Skills NurSultan-2022» чемпионатының қорытындысы бойынша Басқару колледжінің 9 мамандықтары өзінің біліктіліктері бойынша сайысқа түсті. Қатысқандар: «Сән технологиясы» құзіреттілігі бойынша 4 курс студенті Хамитова Амина, жетекшісі  Рахимова А. К. - 2 орын, күміс медаль;
«Ақпараттық кабельдік желілер» құзыреттілігі бойынша 4 курс студенті Аргенов Диас, жетекшісі -  Абилкасова Н. А. -  3 орын иегері, қола медаль;
«Флористика» құзіреттілігі бойынша 4 курс студенті Алсейт Жансая, жетекшісі Кубентаева Ұ.Ж. -  2 орын, күміс медаль;
«Графикалық дизайн» құзіреттілігі бойынша Данилюк Дмитрий, жетекшісі Шарипова Ж.И. - 2 орын, күміс медальдің иегері болды. Әр қатысушы студент пен олардың жетекшілері өз мамандықтарының хас шеберлері екенін көрсете білді. Жеңімпаздарды және олардың жетекшілерін биік марапаттарымен құттықтаймыз!

Screenshot 2022 05 30 at 01 01 40

Толығырақ ...

«Цифрлық экономика сұраныстарына орта буын АТ-мамандарын даярлау»

Screenshot 2022 05 30 at 00

Педагогтардың халықаралық біліктілікті көтеруі
27 мамыр 2022 жылы Басқару колледжінің әкімшілік қызметкерлері Абдикалова Т.А., Алшымбаева А.О., Калимбетова Л.К., Кряжов А.А., Тулегенова М.Ш. және Абилкасова Н.А. «Халықаралық құзыреттілік орталығы-Қазан Ақпараттық технологиялар және байланыс техникумы» тарапынан «Цифрлық экономика сұраныстарына орта буын АТ-мамандарын даярлау» тақырыбы бойынша on-line семинар өткізді. Семинардың жұмыс барысында оқу-әдістемелік және ғылыми жобаларды іске асыру бағыттары бойынша көптеген сұрақтар қойылып, оған білікті түрде жауап алынды. Семинар соңында қатысушылар қатарына біліктілікті көтеру сертификаттары табысталды.

Screenshot 2022 05

Толығырақ ...

Мамандарды кәсіпкерлікке халықаралық деңгейде үйрету

Screenshot 2022 05 29 at 22 25

2019-2020 оқу жылы Ұлыбритания елшілігінің қолдауымен басталған кәсіпкерлікті құруға арналған халықаралық ынтымақтастық жұмысы биылғы оқу жылы өз мәресіне жетіп отыр. Осы жобаның төңірегінде Қазақстанның солтүстік аймағынан 10 колледж қамтылып, іріктелген әкімшілік қызметкерлері мен педагогтар Лондон қаласында курстан өтіп, сарапшы деңгейінде білім алып келген. Өз оқу орындарында HUB ашып, түрлі жобаларға, члендждерге қатысып жұмыстарын жалғастырды. 26 мамыр күні жобаның жұмыс барысы мен оның есеп беру жиынын өткізуге Kirsti Mak Кleland келіп, өз тәжірибесімен бөлісті, алдағы жоспарларымен таныстырды. Соңында қатысушыларға біліктілік деңгейін көтеру сертификатын табыстады. Басқару колледжі атынан «Дизайн» мамандығының студенттерінің төл туынды картинасы сыйлыққа тартылды. Қатысушылар тарапынан жобаны жалғастыру керек деген ұсыныстар түсті.

Толығырақ ...

"Ашық жүрек"волонтерлық клубының кезекті жұмысы.

ioumyntbrvcew

24.05.2022ж «Ашық  жүрек» волонтер клубының  жетекшісі Жабинова.А.Д клуб  мүшелерімен "Қайырымдылық пен Мейірімділік-асыл қасиет" атты тренинг өтті.
Мейірімділік — адамның өзге біреуге жылылығын, ізгі ниеті мен лебізін білдіру көрінісі. Мейірімділік адамдар арасындағы сыйластық, кең пейілділік, жанашырлық, ізгі ниет секілді қасиеттерге негізделеді. Қайырымдылық - мейірімділіктің іс жүзіндегі бір көрінісі. Қайырымдылық - мүдделі, кіріптар, көмекке құштар адамдарға іс жүзінде жақсылық жасау.Халқымыз көмекке мұқтаж адамға көмек көрсетіп, қайырымдық жасау,кіріптарға қайыр беру, қарттарды аялау, мүгедектерді қорғап қоршау әрбір қайырымды адамның адамгершілік борышы деп есептейді.

okmjynhtbgfvdbbv

iouytresdfghjkjhgf

Толығырақ ...

«Конституциялық реформа – тарихи оқиға»

ilukytjhrgefwdasdfg

Бүгін, 18 мамыр күні Басқару колледжінің гуманитарлық-экономикалық бөлімінде колледж оқытушылары бірлесе отырып, студенттерге колледж студенттерімен, «Конституциялық реформа – тарихи оқиға». «Жастардың патриоттық құндылықтарын дамыту» тақырыбында дәріс өткізді. Конституциялық реформа – Қазақстанның одан әрі қарышты дамуының негізі. Конституциялық реформа - Қазақстанның дамуындағы жаңа дәуір. Өз еліне деген сүйіспеншілік, өз елінің конституциялық нормаларын ұстану және өзінің жеке және басқа ұлттардың дәстүрлері мен мәдени мұраларын құрметтеу жас ұрпақты патриоттық тәрбиелеудің басты мақсаты болып табылады. Қазіргі заманда жас ұрпаққа азаматтық-патриоттық тәрбие беру оларды жауапкершілікке дайындауды көздейді.

nbvcxdhrhryjfd

Толығырақ ...

"Әдебиет курсына"

baskaru college 270335060 637540867664226 7761012251166019300 n.webp

Бүгін қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің оқытушысы Қазанбаева Ботагөз Ермаханқызының жетекшілігімен ҚР Тәуелсіздігінің 30 жылдығының аясында ҚР Спорт және мәдениет Министрлігінің ұйымдастыруымен өткізілген жас ақын, жазушы сыншы драматургтерге арналған онлайн форматтағы "Әдебиет курсына" қатысып елімізге белгілі ақын, жазушы, драматург: Роза Мұханова, Тұрсын Жұртбай, Жаннат Әскербекқызы, Серікзат Дүйсенғазин сынды тұлғалардан 84сағаттық дәріс алған колледжіміздің біршама студенттері арнайы сертификаттармен марапатталды. Бүгінгі жаһандану кезеңінде жастарымыздың рухани бай, болуы әбден қажет. Ал осындай курстар колледж жастарының дүниетанымын кеңейтіп, ой-санасының туған халқына қызмет ету керектігін нығайтатынына кәміл сенемін. Ұйымдастырушыларға зор алғыс айта отырып, студенттерді тура жолға ұстаздар қауымының еңбегін де естен шығармаймыз.

baskaru college 270400001 3123342691254899 4261988024020023095 n.webp

baskaru college 270194277 681679196309509 3817351566801628783 n.webp

Толығырақ ...
Осы RSS каналға жазылу

Соңғы жаңалықтар

«Елін сүйген, елі сүйген Елбасы!»

«Елін сүйген, елі сү…

30.11.21ж. ЖШС «Басқару колледжінің»...

9 сынып бітіруші оқушыларына арналған тестілеу жұмысынтары

9 сынып бітіруші оқу…

05.04.2018ж.  «Басқару Колледжі"  ЖШС   оқытушылар...

Студенттердің білім сапасын тексеру

Студенттердің білім …

15.11.2017 күні Ақпараттық – техникалық  бөлімде В...

Біздің тұңғыш Президентіміз

Біздің тұңғыш Презид…

         30-қараш күні «Экономика» пәнінің оқытушы...

БІЗДІҢМЕКЕН-ЖАЙЫМЫЗ:

 Сарыарқа ауданы, Нұр Сұлтан

Орлыкөл, 14/3 (Нурсултан -Технопарк)

Автобус бағыттары:

14, 42, 48 «Әсем» аялдамасы (ЫДүкенұлык.);

3, 48, 14, 22, 47 «Технопарк» аялдамасы (Республика даңғылы)

 

Автобус бағыттары:

5, 12, 14, 19, 20, 21, 25, 40, 106, 112

Байланыстелефондары:

8 (7172) 31-10-14

  • 8-778-789-64-92
    •8-777-430-00-16
    •8-778-040-81-71
  • ВК: vk.com/kuastana
    Facebook: kuastana
    Instagram:baskaru_college

  • Электронная почта:  This email address is being protected from spambots. You need JavaScript enabled to view it.

Jivosite