Мамандарды кәсіпкерлікке халықаралық деңгейде үйрету
- Бөлім:  Жаңалықтар
2019-2020 оқу жылы Ұлыбритания елшілігінің қолдауымен басталған кәсіпкерлікті құруға арналған халықаралық ынтымақтастық жұмысы биылғы оқу жылы өз мәресіне жетіп отыр. Осы жобаның төңірегінде Қазақстанның солтүстік аймағынан 10 колледж қамтылып, іріктелген әкімшілік қызметкерлері мен педагогтар Лондон қаласында курстан өтіп, сарапшы деңгейінде білім алып келген. Өз оқу орындарында HUB ашып, түрлі жобаларға, члендждерге қатысып жұмыстарын жалғастырды. 26 мамыр күні жобаның жұмыс барысы мен оның есеп беру жиынын өткізуге Kirsti Mak Кleland келіп, өз тәжірибесімен бөлісті, алдағы жоспарларымен таныстырды. Соңында қатысушыларға біліктілік деңгейін көтеру сертификатын табыстады. Басқару колледжі атынан «Дизайн» мамандығының студенттерінің төл туынды картинасы сыйлыққа тартылды. Қатысушылар тарапынан жобаны жалғастыру керек деген ұсыныстар түсті.